Кепілге қойылған мүлікті мәжбүрлі түрде соттан тыс тәртіпте өткізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» заңмен белгіленеді. Бұл ретте аталған заңда ипотеканы өткізу үшін белгіленген рәсім ережелері Азаматтық кодексте өзгеше көзделмеген жағдайда, басқа да кепіл түрлері бойынша (мысалы, жылжымалы мүлік) мүлікті өткізуге де қолданылады.












